Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында №39 мектептің 6 «В» сынып оқушыларына «Қазіргі заманғы өнер» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

Музей сабағының негізгі мақсаты – оқушыларды заманауи бейнелеу өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен көркемдік талғамын дамыту.

Сабақ барысында оқушылар галерея қорындағы көркем туындыларды тамашалап, заманауи өнердің негізгі бағыттары мен өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар өнер туындыларына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, шығармашылық көзқарастарымен бөлісті.

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, Ә.Молдағұлова атындағы №28 орта мектебінде «Панам да ел, данам да ел!» атты тағылымды кездесу өтті.

Аталған шараға Тараз қаласының құрметті ардагері Назарбекова Күләш Айтбайқызы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында келушілер Қазақстандағы ақша айналымының тарихымен, ұлттық валютаның қалыптасу кезеңдерімен және теңгенің айналымға енгізілу тарихымен танысты.

Музей экспозициясынан ортағасырлық ақша айналымының тарихынан сыр шертетін Түргеш және Қарахан мемлекеттерінің күміс, қола теңгелері, Кеңес Одағы кезеңінде қолданыста болған ақша үлгілері, сондай-ақ Қазақстанның мерейтойлық монеталары таныстырылды. Тарихи жәдігерлер арқылы келушілер әр дәуірдегі ақша айналымының ерекшеліктері мен еліміздің экономикалық-тарихи даму кезеңдері жөнінде мол мағлұмат алды.

Тақырыптық экскурсияның басты мақсаты – ұлттық валютаның тарихы мен маңызын насихаттау, өскелең ұрпақтың тарихи танымын кеңейту және төл теңгеге деген құрметті арттыру.

Теңге – тәуелсіздігіміздің төл белгісі, ел егемендігі мен экономикалық дербестігінің айқын көрінісі!

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер» тақырыбында танымдық музей сабағы ұйымдастырылды.

Сабақ барысында қатысушылар Қазақстан аумағын ежелден мекендеген тайпалар мен халықтардың тарихы, қазақ халқының қалыптасу кезеңдері және этникалық үдерістердің ерекшеліктері туралы мәлімет алды.

Сонымен қатар, тақырыпты тереңірек меңгеру мақсатында музей экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді. Қатысушылар археологиялық және этнографиялық жәдігерлер арқылы халқымыздың тарихи тамырын, мәдени мұрасы мен дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін танып білді.

Экскурсия барысында тарихи жәдігерлердің қалыптасу кезеңдері мен олардың қазақ халқының тарихындағы маңызы түсіндірілді.

Музей сабағының мақсаты– жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту, этникалық тарихқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық бірегейлік пен тарихи сананы қалыптастыру.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құнды этнографиялық жәдігерлер негізінде Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрме экспозициясына қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін бірегей бұйымдар қойылды. Атап айтқанда, ұлттық күміс әшекейлер, әйелдердің сәндік бұйымдары, аңшылық өнерге қатысты жабдықтар, дәстүрлі бас киімдер, қолөнер туындылары мен тұрмыстық заттар көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар көрмеде қазақ әйелдерінің қолөнер шеберлігін танытатын кестелі бұйымдар, жүн өңдеуге арналған құралдар мен ұлттық киім үлгілері көрсетілді.

Жылжымалы көрме оқушыларға халқымыздың бай этнографиялық мұрасымен жақынырақ танысуға, ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен дәстүрлі мәдениеттің қыр-сырын білуге мүмкіндік берді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында жергілікті суретшілердің «Ұрпақтар сабақтастығы: Көне Тараз – қылқалам өнерінде!» атты шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – Жамбыл өңірі суретшілерінің туындыларын көпшілікке таныстыру, дарынды қылқалам шеберлерін қолдау және бейнелеу өнері арқылы мәдени-рухани байланыстарды нығайту. Сонымен қатар көрме жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, отансүйгіштік сезімін оятуға, ұлттық мәдениетке деген құрметін арттыруға және галерея қорын жаңа өнер туындыларымен толықтыруға бағытталған.

Көрмеге Тәуелсіздік жылдарында бой көтерген сәулет нысандары, көне тарихи орындар, елге еңбегі сіңген танымал тұлғалардың портреттері мен туған өлке табиғатын бейнелейтін 70-ке жуық кескіндемелік туынды қойылды.

Тағылымды шараға Тараз суретшілер одағының мүшелері, әуесқой суретшілер мен арнайы шақырылған қонақтар қатысып, өнер туындыларын тамашалап, өзара пікір алмасты.