Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

МУЗЕЙ САБАҒЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында №39 мектептің 6 «В» сынып оқушыларына «Қазіргі заманғы өнер» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

Музей сабағының негізгі мақсаты – оқушыларды заманауи бейнелеу өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттері мен көркемдік талғамын дамыту.

Сабақ барысында оқушылар галерея қорындағы көркем туындыларды тамашалап, заманауи өнердің негізгі бағыттары мен өзіндік ерекшеліктері туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар өнер туындыларына қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салып, шығармашылық көзқарастарымен бөлісті.