Жаңалықтар
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне Түркістан облысы, Нұрлыкент ауылының кітапсүйер қауымы арнайы келіп, музей экспозицияларымен танысты.
Келушілерге «Ұлттық құндылықтар» тақырыбында танымдық экскурсия жүргізіліп, халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық мәдениеті мен рухани мұрасынан сыр шертетін құнды жәдігерлер таныстырылды.
Экскурсия барысында қонақтар музей қорындағы тарихи-археологиялық және этнографиялық жәдігерлерді тамашалап, олардың тарихы мен маңызы туралы қызықты мәліметтер алды. Әсіресе ұлттық қолөнер бұйымдары, тұрмыстық заттар мен дәстүрлі мәдениетке қатысты жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытты.
Танымдық кездесу барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, тарихи мұраны сақтау және оны кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы жөнінде пікір алмасу өтті.


Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залының қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Кітапсүйер орталығының оқушыларына «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында нашақорлықтың адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және қоғамға тигізетін кері әсері туралы кеңінен айтылды.
Сондай-ақ,есірткі заттарын қолданудың және заңсыз айналымының жауапкершілігі түсіндіріліп, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы атап өтілді.
Кездесу соңында қатысушыларға зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау жөнінде пайдалы кеңестер беріліп, «Данқ» залының экспозициялары бойынша экскурсия жүргізілді.


Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы Б. Момышұлы музейінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің сарбаздарына қазақтың қаһарман қызы, тұңғыш әскери ұшқыштардың бірі Хиуаз Доспановаға арналған «Қыран қанат Хиуаз» атты деректемелік таныстырылым ұйымдастырды.
Танымдық кездесудің негізгі мақсаты – жас сарбаздарға Хиуаз Доспанованың өмір жолы мен майдандағы ерлігін таныстырып, елге деген сүйіспеншілік, батылдық, отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу.
Іс-шара барысында Хиуаз Доспанованың балалық шағы, әскери қызметі, майдан даласындағы ерлігі мен қайсарлығы туралы тарихи деректер кеңінен таныстырылды. Батыр қыздың Отан қорғау жолындағы жанқиярлық ерлігі бүгінгі жас ұрпаққа үлкен үлгі екені атап өтілді.
5513 әскери бөлімінің сарбаздары тарихи деректермен танысып, батырдың өмірі мен ерлігі туралы құнды мағлұматтар алды.
Халық үшін жасалған ерлік – ұрпаққа аманат, батыр есімі – мәңгілік!



12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Кейіпкер сомдаудың шебері» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Ел халқының үштен бірін құрайтын жастар – жаңа идеялар мен жаңашылдықтың, шығармашылық пен дамудың қайнар көзі. Олар заманауи технологияларды игеріп, инновациялық стартаптар құрып, халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетіп, экологияны қорғау мен ерікті қозғалыстарға белсене араласып жатыр. Үкімет жастар саясатын ел дамуының басым бағыты ретінде белгілеп, олардың білім алуына, кәсіби өсуіне, мәдени және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін кешенді бағдарламаларды іске асырып келеді.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығы да ұлы актердің шығармашылығын жас актерлерге үлгі етуді басты бағыттардың бірі ретінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Атаулы күнге орай Жастар театрының жас актерлері шығармашылық орталықта болып, А.Әшімовтың өнер жолымен тақыннан танысты. Оларға ұлы актердің кейіпкер сомдаудағы шеберлігі мен дайындық барысындағы ерекше әдістері туралы мағлұмат берілді.
Халықаралық жастар күні – бұл өткенді бағамдап, келешекті бағдарлайтын танымдық мереке. Білімді, белсенді және бастамашыл жастар – еліміздің ең үлкен байлығы. Олар жаңа Қазақстанды қалыптастыруда алдыңғы қатарда болып, ел дамуына жаңа тыныс береді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне №31 орта мектептің оқушылары арнайы келіп, Абай Құнанбайұлына арналған «Абай мұрасы – ұлт қазынасы!» атты фотокөрмені тамашалады.
Көрме барысында оқушылар ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты фотосуреттермен танысып, Абайдың қазақ әдебиеті мен руханиятындағы орны туралы мағлұмат алды. Оқушылар көрме материалдарын қызығушылықпен қарап, ақынның шығармашылық мұрасы жайлы өз білімдерін толықтырды.
Мектеп оқушылары үшін музейдің негізгі экспозициялық залдары бойынша танымдық экскурсия да ұйымдастырылды. Экскурсия кезінде балалар Жамбыл өңірінің көне тарихы, археологиялық жәдігерлерімен танысты.
Музейге жасалған әрбір сапар – өткенді танып, ұлттық құндылықтарды бағалауға бастайтын маңызды қадам. Осындай тағылымды кездесулер оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени мұраны құрметтеуге ықпал етеді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы – Б. Момышұлы музейінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің сарбаздарына «Жастар – елдің жарқын болашағы» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру, ел тарихын құрметтеуге баулу және жастардың ел болашағындағы маңызды рөлін түсіндіру.
Экскурсия барысында сарбаздарға халқымыздың тарихы, ел қорғаған батырлардың ерлігі мен өнегелі өмір жолдары туралы мағлұматтар беріліп, музей жәдігерлері таныстырылды.
Жастар – елдің ертеңі, тәуелсіздіктің тұғыры!


21 August 2026
37