Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

МУЗЕЙ САБАҒЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде И.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 5 «В» сынып оқушыларына «Жүз жасаған Жамбыл Жабаев» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

Сабақ барысында оқушыларға қазақтың ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмір жолы, шығармашылығы, ақындық өнері және халқымыздың рухани мұрасына қосқан үлесі туралы кеңінен мағлұмат берілді.

Сонымен қатар оқушылар Жамбыл Жабаевқа арналған музей экспозициясымен танысып, ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты фотосуреттер, мен құнды жәдігерлер туралы ақпарат алды.

Музей сабағы оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтар мен мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.