Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

МУЗЕЙ САБАҒЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында №39 мектеп оқушыларына «Өнер түрлері және олардың сипаттамалары» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

Сабақ барысында оқушылар бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларымен танысып, галереядағы көркем туындылардың ерекшеліктерін зерделеді.

Музей сабағы оқушылардың өнерге қызығушылығын арттыруға және эстетикалық талғамын қалыптастыруға бағытталды.