Жаңалықтар
2026 жылғы 18 мамыр күні Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастыруымен Халықаралық музейлер күніне орай «Ғасырға қадам: MUSEUM-95» атты «Музей түні – 2026» мәдени-білім беру акциясы жоғары деңгейде өтті.
«Көне Тараз» этномәдени кешенінде өткен мерекелік шара музейдің 95 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани кеш сыйлады.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жолдаған құттықтау хаты оқылды.
Мерекелік кешке Жамбыл облысы әкімдігінің Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлы қатысып, мәдениет саласының мамандарына Алғыс хаттар табыстады. Сонымен қатар, музей ардагерлері мен өлкетанушыларға құрмет көрсетілді.
Кеш аясында Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармония өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылып, Асқар Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық академиялық қазақ драма театрының театрландырылған қойылымдар мен тарихи кейіпкерлер көріністері көпшілік назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, айтулы мерейтой аясында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты бірқатар мекемелер арнайы бағдарламаларын ұсынып, жасанды интеллект технологиялары негізінде дайындалған бейнероликтер мен танымдық жобаларды келушілер назарына ұсынды.
Атап айтқанда:
• Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы
• Тілдерді оқыту орталығы
• Д.А. Қонаев атындағы Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы
• Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы.
«Музей түні – 2026» акциясы тарих пен тағылымды ұштастырған, ұлттық мұраны дәріптеген тағылымды мәдени кеш ретінде көпшілік көңілінен шықты.



«ҒАСЫРҒА ҚАДАМ – MUSEUM 95»
18 мамыр - Халықаралық музейлер күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдық мерейтойына арналған ерекше мәдени кешке шақырамыз!
18 мамыр 2026 жыл
18:00 – 22:00
Тараз қаласы. Төле би 18/5.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Бауыржан Момышұлы музейі генерал-майор Рысбек Көшербаевпен тағылымды кездесу өткізді.
Рысбек Қалкенұлы — ел қауіпсіздігі жолында ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарған, әскери салада мол тәжірибе жинаған тұлға. Жамбыл өңірінің тумасы бірнеше әскери академияны тәмамдап, Қазақстан Қарулы Күштері мен Ішкі әскер сапында жауапты қызметтер атқарған.
2011 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен оған «генерал-майор» әскери атағы берілді. Сонымен қатар, мемлекеттік наградалармен, медальдармен және алғыс хаттармен марапатталған.
Кездесу барысында Рысбек Қалкенұлы музейге арнайы келіп, өзіне арналған музей бұрышымен танысты. Батыр тұлғаның өмір жолы мен әскери қызметі — жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беретін жарқын үлгі.



Жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ залы» мен Бауыржан Момышұлы музейі қызметкерлері тарапынан Қаратай Тұрысов атындағы №53 мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» кабинетінің ашылуына орай оқушыларға арналған жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Көрме барысында Кеңес Одағының Батыры, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының жеке заттары қойылып, оқушыларға батырдың өмір жолы, әскери ерлігі мен елге сіңірген еңбегі туралы кеңінен ақпарат берілді.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, тарихи мұраларды насихаттау және батыр тұлғалардың өнегелі өмірін дәріптеу.


7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Б.Момышұлы музейіне Жамбыл политехникалық колледжінің білімгерлеріне арналған танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру және батырлар ерлігін насихаттау.
Экскурсия барысында білімгерлерге тарихи деректер таныстырылып, ел қорғаған ерлердің өмір жолы мен ерлігі жайлы мазмұнды ақпарат берілді. Сондай-ақ, музей қорындағы құнды жәдігерлер көрсетіліп, олардың тарихи маңызы түсіндірілді.











19 May 2026
25