ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Б. Момышұлы музейі қалалық қарттар үйінің ардақты қарияларына арнайы танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында қарияларға музей экспозициялары мен құнды жәдігерлер таныстырылып, өңір тарихы, ел мұрасы және ұлттық руханият туралы мазмұнды ақпараттар берілді.
Тағылымды экскурсия үлкенге құрмет көрсету, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және аға буынның өнегесін насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.


01 October 2026
24