«Д.ҚОНАЕВ – ҒАСЫР САҢЛАҒЫ!» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, М.Мәметова атындағы №27 орта мектебінде «Д.Қонаев-ғасыр саңлағы!» атты тағылымды кездесу өтті.
Аталған шараға Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы-Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, қоғам белсендісі – Сқақов Бегалы Аралбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.
Кездесу соңында әнші Бақыт Шағырбаевтың орындауындағы Димаш атамызға арналған «Дәуір тұлғасы» атты әнімен жалғасын тапты.



13 October 2026
23