Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

АБАЙ МҰРАСЫ-ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ!

10 тамыз — қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрі ағартушысы Абай Құнанбайұлының туған күні.

Осы айтулы датаға орай музейде «Абай мұрасы — ұлт қазынасы!» атты арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмені қала тұрғындары мен қонақтары тамашалап, Ұлы ақынның рухани мұрасымен танысуда.

Абайды тану — ұлтты тану.

Жастардың білімін кеңейту, тарихи-мәдени мұрамен таныстыру және олардың дүниетанымын дамыту мақсатында Жамбыл облысының аудандарынан жиналған мектеп оқушыларына «Тараз тарихы сыр шертеді!»атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қатысушылар өңірдің маңызды тарихи және мәдени орындарын аралап, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

Танымдық сапар барысында оқушылар туған өлкенің тарихына тереңірек үңіліп, мәдени мұраға деген құрметін арттыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, экскурсия жас ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін нығайтып, тарихи-мәдени құндылықтарды бағалай білуіне ықпал етті.

Осындай тағылымы мол іс-шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастырып, олардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

 Экскурсия соңында қатысушылар музей ұжымына алғыстарын білдіріп, тарихи-танымдық іс-шараның туған өлкенің тарихын тереңірек танып-білуге және ұлттық мұраны дәріптеуге зор ықпал ететінін атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы», сондай-ақ Абай, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген жастар ресурстық орталықтарының өкілдеріне «Ерте ислам дәуірі» мешіті бойынша экскурсия жүргізілді.

  Археологиялық қазба жұмыстары кезінде көне Тараз қалашығынан VIII–IX ғасырларға жататын мешіттің орны анықталды. Ғалымдар оның күйдірілген кірпіштен салынғанын, құбыла бағыты дұрыс белгіленгенін және намаз оқуға арналған кең залы болғанын анықтады. Бұл деректер мешіттің ислам сәулетінің алғашқы үлгілерінің бірі екенін көрсетеді.

 X–XII ғасырларда Қарахан мемлекеті тұсында ислам мемлекеттік дінге айналып, Таразда жаңа мешіттер, медреселер және кесенелер бой көтерді. Ерте ислам дәуіріндегі алғашқы мешіт кейінгі діни құрылыстардың қалыптасуына негіз болды. Ислам дінінің орнығуынан кейінгі жергілікті архитектуралық ескерткіштердің ең алғашқылары мешіттер болды. Алғашқы мешіттер батыстық араб үлгілері бойынша салынды.

  Ерте ислам мешітінің орны 2005 жылы археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылды. Қазба жұмыстары барысында VІІІ-Х ғғ мерзімделген несториан бағытындағы христиан шіркеуінің орны анықталды. Кейінірек жазба дерек негіздері бойынша Х-ХІІ ғғ мешіт болып қайта құрылғандығы дәлелденді. 2017 жылы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген нысан.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Бауыржан Момышұлы музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің сарбаздарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының кепілі» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеудің маңызы кеңінен түсіндірілді. Сарбаздармен еркін пікір алмасу өткізіліп, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

 Іс-шараның басты мақсаты – жас әскери қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау және отансүйгіштік рухты нығайту.

Адалдық – әр азаматтың басты ұстанымы, ал жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет!

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры, теолог Арман Қуанышбаев арнайы қонақ болды.

Қонаққа музей экспозициялары бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Жамбыл өңірінің сан ғасырлық тарихы, мәдени мұрасы және құнды жәдігерлері таныстырылды.

Кездесу барысында рухани құндылықтарды дәріптеу, ұлттық тарихты насихаттау және мәдени мұраны сақтау мәселелері жөнінде пікір алмасылды. Экскурсия соңында Арман Қуанышбаев музей жұмысына жоғары бағасын беріп, құрметті қонақтар кітабына ізгі тілегін жазып қалдырды.

Осындай тағылымды кездесулер ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи мұраны кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздарына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Музей қонақтары – Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының «Оңтүстік арландары» командасының құрамындағы Түркістан облысы, Арыс қаласы мектептерінің оқушылары.

Экскурсия барысында жас өрендер музейдің бай қорымен танысып, Жамбыл өңірінің сан ғасырлық тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайтын бірегей жәдігерлерді тамашалады. Көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи кезеңдерді қамтитын экспозициялар арқылы оқушылар халқымыздың өткені, ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы туралы мол мағлұмат алды.

Танымдық кездесу барысында экскурсия жетекшісі әрбір экспонаттың шығу тарихы мен тарихи-мәдени маңызын жан-жақты таныстырып, жастардың өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды ақпаратпен бөлісті.

Аталған экскурсия жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, отансүйгіштік рухын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және мәдени мұраны құрметтеуге ықпал еткен тағылымды шаралардың бірі болды.