Жаңалықтар
Ұлттық домбыра күніне орай А. Әшімов атындағы шығармашылық орталығында домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылардың қатысуымен танымдық іс-шара ұйымдастырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Кеңесхан қажы» медресесінің шәкірттеріне арналған тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін насихаттау, журналистика саласының тарихымен таныстыру, сондай-ақ жас ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру.
Экскурсия барысында қатысушылар музейдің экспозициялық залдарын аралап, өңірдің өткені мен бүгініне қатысты құнды жәдігерлермен және тарихи деректермен танысты. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасу тарихы, журналистика саласының дамуы және өңірдің ақпарат кеңістігінің өркендеуіне үлес қосқан журналистердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы жан-жақты мәлімет алды.
Танымдық экскурсия жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және кәсіби мерекенің мән-маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.



Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Тараз – дәуірлер куәсі» атты жылжымалы көрмені орналастыру және безендіру жұмыстары жүргізілуде.
Көрме экспозициясында көне Тараздың бай тарихын айшықтайтын сақ, түркі және ортағасырлық кезеңдерге жататын бірегей археологиялық жәдігерлер мен тарихи құндылықтар көпшілік назарына ұсынылатын болады.
Дайындық жұмыстары көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, келушілерге тарихи-мәдени мұраны жан-жақты таныстыру мақсатында жалғасуда.



Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А. Әшімов шығармашылық орталығы қалалық И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының жазғы лагерь оқушыларына жылжымалы көрме ұйымдастырды.
Көрмеде актер, режиссер, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімовтың өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды жәдігерлер таныстырылды. Оқушылар өнер майталманының балалық шағы, шығармашылық жолы және қазақ киносы мен театр өнерінің дамуына қосқан үлесі туралы мағлұмат алды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен өнер қайраткерлерінің мұрасымен таныстырып, олардың тарихи-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.






02 Шілде 2026
20







Экскурсия соңында қонақтар музей қорындағы бірегей тарихи жәдігерлермен танысып, өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасына жоғары қызығушылықтарын білдірді.