Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

МУЗЕЙ САБАҒЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер» тақырыбында танымдық музей сабағы ұйымдастырылды.

Сабақ барысында қатысушылар Қазақстан аумағын ежелден мекендеген тайпалар мен халықтардың тарихы, қазақ халқының қалыптасу кезеңдері және этникалық үдерістердің ерекшеліктері туралы мәлімет алды.

Сонымен қатар, тақырыпты тереңірек меңгеру мақсатында музей экспозициялық залдарына экскурсия жүргізілді. Қатысушылар археологиялық және этнографиялық жәдігерлер арқылы халқымыздың тарихи тамырын, мәдени мұрасы мен дәстүрлі тұрмыс-тіршілігін танып білді.

Экскурсия барысында тарихи жәдігерлердің қалыптасу кезеңдері мен олардың қазақ халқының тарихындағы маңызы түсіндірілді.

Музей сабағының мақсаты– жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейту, этникалық тарихқа деген қызығушылығын арттыру және ұлттық бірегейлік пен тарихи сананы қалыптастыру.