Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

ҰЛТТЫҚ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақталған құнды этнографиялық жәдігерлер негізінде Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Көрме экспозициясына қазақ халқының дәстүрлі тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін бірегей бұйымдар қойылды. Атап айтқанда, ұлттық күміс әшекейлер, әйелдердің сәндік бұйымдары, аңшылық өнерге қатысты жабдықтар, дәстүрлі бас киімдер, қолөнер туындылары мен тұрмыстық заттар көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар көрмеде қазақ әйелдерінің қолөнер шеберлігін танытатын кестелі бұйымдар, жүн өңдеуге арналған құралдар мен ұлттық киім үлгілері көрсетілді.

Жылжымалы көрме оқушыларға халқымыздың бай этнографиялық мұрасымен жақынырақ танысуға, ұлттық қолөнердің ерекшеліктері мен дәстүрлі мәдениеттің қыр-сырын білуге мүмкіндік берді.