ТЕҢГЕ – ТӘУЕЛСІЗДІК НЫШАНЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық валюта күніне орай «Теңге – тәуелсіздік нышаны» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында келушілер Қазақстандағы ақша айналымының тарихымен, ұлттық валютаның қалыптасу кезеңдерімен және теңгенің айналымға енгізілу тарихымен танысты.
Музей экспозициясынан ортағасырлық ақша айналымының тарихынан сыр шертетін Түргеш және Қарахан мемлекеттерінің күміс, қола теңгелері, Кеңес Одағы кезеңінде қолданыста болған ақша үлгілері, сондай-ақ Қазақстанның мерейтойлық монеталары таныстырылды. Тарихи жәдігерлер арқылы келушілер әр дәуірдегі ақша айналымының ерекшеліктері мен еліміздің экономикалық-тарихи даму кезеңдері жөнінде мол мағлұмат алды.
Тақырыптық экскурсияның басты мақсаты – ұлттық валютаның тарихы мен маңызын насихаттау, өскелең ұрпақтың тарихи танымын кеңейту және төл теңгеге деген құрметті арттыру.
Теңге – тәуелсіздігіміздің төл белгісі, ел егемендігі мен экономикалық дербестігінің айқын көрінісі!




14 November 2026
14