Новости
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залының ұйымдастыруымен 23 маусым – Қазақстан Республикасы Полициясы күніне және полиция капитаны, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігіне 15 жыл толуына орай «Бейбіт күннің батыры» атты танымдық экскурсия өткізілді.
Іс-шараға Тараз қаласы Полиция басқармасының жас мамандары қатысып, «Даңқ» залы мен Бауыржан Момышұлы музейінің экспозицияларымен танысты. Экскурсия барысында қатысушыларға Қазақстан полициясының қалыптасу тарихы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлі және ел тыныштығын сақтаудағы қызметі туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі мен өнегелі өмір жолы таныстырылып, оның отансүйгіштік рухы мен қызметтік борышына адалдығы насихатталды.
Іс-шараның мақсаты – жас мамандар арасында патриоттық тәрбиені нығайту, бейбіт күннің батырларының ерлігін дәріптеу және олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету.




Жазғы лагерь маусымы аясында №39 И.Панфилов атындағы мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушылары музей залдарына экскурсия жасап, өңір тарихымен танысты.
Экскурсия барысында оқушылар туған өлкеміздің өткені туралы жан-жақты мәлімет алып, музей қорында сақталған құнды жәдігерлерді тамашалады. Танымдық шара жас ұрпақтың тарихи-мәдени мұраға деген қызығушылығын арттырып, өлке тарихын тереңірек танып-білуіне мүмкіндік берді.



Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен тәжірибелік сабақ барысында білімгерлер керамикалық жәдігерлерді реставрациялау және гипстеу жұмыстарының негізгі кезеңдерімен танысты.
Сабақ аясында болашақ мамандар жәдігерлердің сақталу жағдайын бағалап, гипстеу әдістерін тәжірибе жүзінде орындады. Тәжірибелік жұмыстар білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен қалпына келтіру ісінің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.
Музей қорындағы құнды жәдігерлермен жұмыс жасау арқылы білімгерлер реставрация саласының ерекшеліктерін меңгеріп, мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізудегі жауапкершілікті сезінді.




Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Тарих мамандығының 3 курс білімгерлері өндірістік іс-тәжірибеден өтуде.
Іс-тәжірибе барысында студенттер музей қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, қор сақтау, ғылыми-зерттеу және экскурсиялық жұмыстардың қыр-сырын меңгеруде. Сонымен қатар музей экспонаттарын есепке алу, құжаттандыру және келушілермен жұмыс жүргізу тәжірибесін игеріп, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруда.
Мұндай тәжірибе болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен насихаттау ісіне деген қызығушылығын нығайтуға мүмкіндік береді.



Жазғы лагерь маусымы аясында Тараз қаласындағы №30 және №46 мектептердің, сондай-ақ Шойқорық ауылдық округінің 5–9 сынып оқушылары Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне келіп, музей залдарын тамашалады.
Экскурсия барысында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, өңір тарихы мен мәдени мұрасы туралы қызықты мәліметтер алды. Танымдық шара жас ұрпақтың тарихи-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.




Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді. 1992 жылы дәл осы күні еліміздің Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітіліп, тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа кезең басталды.
Осы мерекеге орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А. Әшімов шығармашылық орталығында Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп оқушыларының қатысуымен «Рәміздерім – мақтанышым» атты музей сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасы және оның мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, туған жерге, елге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.
Тәрбие сағаты барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы кеңінен мәлімет беріліп, Отанға деген құрметті насихаттайтын бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, Отан тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айтып жарысты.
Іс-шара соңында оқушыларға А. Әшімов шығармашылық орталығының залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, орталықтағы жәдігерлер таныстырылды.


23 июня 2026
41