Жамбылский областной историко-краеведческий музей

АҚШ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНА ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Америка Құрама Штаттарынан келген делегация өкілдеріне танымдық экскурсия өткізілді.

Сапар барысында қонақтар музей экспозицияларымен танысып, Жамбыл өңірінің сан ғасырлық тарихы мен бай тарихи-мәдени мұрасынан сыр шертетін құнды жәдігерлерді тамашалады. Көне Тараз қаласының археологиялық мұралары, этнографиялық коллекциялар мен ұлттық мәдениеттің ерекшелігін айқындайтын тарихи бұйымдар таныстырылды.

Экскурсия барысында делегация мүшелеріне өңірдің тарихи даму кезеңдері, Ұлы Жібек жолы бойындағы Тараз қаласының орны, сондай-ақ қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігі туралы мазмұнды ақпарат берілді. Музей жәдігерлерінің тарихи маңызы мен мәдени құндылығына ерекше назар аударылды.