Новости
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Даңқ» залында «Тифло-музей» жобасы аясында «Ерлік ұрпаққа мұра» тақырыбындағы «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін» танымдық бұрышының ашылу салтанаты өтті.
Шара Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы, «Қазақ зағиптар қоғамы» мүшелері және №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларының қатысуымен ұйымдастырылды.
Жаңа экспозицияда QR-код арқылы дыбыстық ақпарат алу мүмкіндігі қарастырылып, келушілерге тарихқа ерекше форматта саяхат жасауға жол ашылды. Арнайы жасақталған 20-ға жуық экспонат арқылы соғыс жылдарындағы жауынгерлер қолданған байланыс құралдары, медициналық жабдықтар, қару-жарақ және тұрмыстық заттар таныстырылды.
Келушілер жәдігерлерді қолмен ұстап, ерекше сезім арқылы қабылдап, тарихи танымын кеңейтті. Шара соңында қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.




Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Көркемсурет галереясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты Айнабек Мыңжасарұлы Оспановтың «Түркістанды тану» атты 70 жылдық мерейтойлық жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің ашылу рәсіміне Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Абирхан Абирханұлы Жанкулов, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Жамбыл облыстық Суретшілер одағы филиалының төрағасы Болат Әнуәрбекұлы Хусайнов, еңбек ардагері Сағат Алдабергенұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің педагогика ғылымдарының докторы, профессор Медеубек Жұматайұлы Тәңірбергенов, сондай-ақ «Халық партиясы» Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Рахман Сейілханұлы Аққозиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Қонақтар суретшінің шығармашылығына жоғары баға беріп, оның ұлттық өнерді дамытудағы еңбегін ерекше атап өтті.
Көрме барысында келушілер автордың туындыларымен танысып қана қоймай, әрбір шығарманың идеялық мазмұны мен тарихи-танымдық мәніне терең бойлады. Экспозицияда Түркістан өңірінің киелі орындары, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды бейнелейтін кескіндеме жұмыстар ұсынылған. Автордың туындыларынан қазақ халқының бай мәдениеті, табиғаты мен тұрмыс-тіршілігі айқын көрініс табады.
Суретші Айнабек Мыңжасарұлы Оспанов 1956 жылы 3 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы), Түлкібас ауданында дүниеге келген. Шымкент мемлекеттік педагогикалық институтының «Көркемсурет және графика» факультетін тәмамдаған. Ол ұзақ жылдар бойы бейнелеу өнері саласында еңбек етіп, көптеген шәкірт тәрбиелеп, ұлттық өнердің дамуына зор үлес қосып келеді.
Суретші - халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл», ҚР Суретшілер одағының «Үздік шығармасы үшін» төсбелгілерінің, «Астана қаласының 10 жылдығы», «ОҚО еңбек сіңіргені үшін» медальдарының және өзге де марапаттардың иегері. Оның шығармалары еліміздің әр өңіріндегі көрмелерде және халықаралық деңгейдегі мәдени шараларда кеңінен таныстырылған.
Шығармашылық ізденісті басты қағидасына айналдырған қылқалам шебері жыл сайын көптеген туынды жазып, өнер көкжиегін кеңейтіп келеді. Бүгінгі көрмеге автордың 75-ке жуық таңдаулы шығармасы қойылып отыр. Көрме өнерсүйер қауым үшін рухани байлық сыйлайтын маңызды мәдени шаралардың бірі.







«Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің Көркемсурет галереясы «Әлемге әйгілі Әулиеата жауқазындары» атты ерекше фотокөрме көпшілік назарына ұсынылды.


«Көне Тараз» тарихи-этно мәдени кешенінде өткен Халықаралық қолөнершілер фестивалі аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан жасақталған «Балбал тастар құпиясы» атты жылжымалы көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Аталған көрмені Тараз қалалық мәслихатының өкілдері арнайы келіп тамашалап, тарихи жәдігерлермен танысты. Көрме барысында ежелгі түркі дәуірінен сыр шертетін балбал тастардың мән-маңызы, олардың жасалу ерекшеліктері мен тарихи құндылығы кеңінен насихатталды.


Тараз қалалық мәслихатының өкілдері Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қонаққа келді.
Қонақтар музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысып, өңір тарихынан сыр шертетін экспозицияларды тамашалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жобасы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Жуалы аудандық Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке музей қызметкерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында музей ауласына 100-ден астам раушан гүлі отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жаз мезгілінде жайқалып өсетін әсем гүлдер музей аумағына ерекше көрік беріп қана қоймай, ауылдың жалпы келбетінің жақсаруына да өз үлесін қосады.


05 мая 2026
207