Новости
«Көне Тараз» тарихи-этно мәдени кешенінде өткен Халықаралық қолөнершілер фестивалі аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорынан жасақталған «Балбал тастар құпиясы» атты жылжымалы көрме көпшілік назарына ұсынылды.
Аталған көрмені Тараз қалалық мәслихатының өкілдері арнайы келіп тамашалап, тарихи жәдігерлермен танысты. Көрме барысында ежелгі түркі дәуірінен сыр шертетін балбал тастардың мән-маңызы, олардың жасалу ерекшеліктері мен тарихи құндылығы кеңінен насихатталды.


Тараз қалалық мәслихатының өкілдері Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қонаққа келді.
Қонақтар музей қорындағы құнды жәдігерлермен танысып, өңір тарихынан сыр шертетін экспозицияларды тамашалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жобасы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Жуалы аудандық Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке музей қызметкерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында музей ауласына 100-ден астам раушан гүлі отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жаз мезгілінде жайқалып өсетін әсем гүлдер музей аумағына ерекше көрік беріп қана қоймай, ауылдың жалпы келбетінің жақсаруына да өз үлесін қосады.


«БАУЫРЖАНТАНУДЫҢ АЛДЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР ЖӘНЕ БАТЫРДЫҢ БЕЛГІСІЗ ҚЫРЛАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ТАНЫМДЫҚ ДӘРІС
10 сәуір күні «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Журналистика және Филология» факультетінің ІІ-курс студенттерімен «Бауыржантанудың алдындағы негізгі міндеттер және батырдың белгісіз қырлары» тақырыбында танымдық дәріс өтті.
Дәрісте «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының меңгерушісі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі Б. Момынқұл, ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., доцент Т. Мұқашев, аға ғылыми қызметкері Ә. Найзабаев білімгерлерге орталықтың құрылу тарихы, мақсат-міндеттері, сондай-ақ батырдың бастан кешкен оқиғаларының өмір жолын және шығармаларын талқылап, батыр жөнінде тың деректермен бөлісті.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі көру мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қоғамдық ортаға бейімдеуге, музей қорындағы тарихи экспозицияларды кеңінен насихаттап, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында «Тифло-музей» жобасы аясында «Тарихы терең Тараз» атты жылжымалы көрмесі ұйымдастырылды.
Аталған көрме №2 «Болашақ» арнайы мектеп-интернаты оқушыларымен өткізілді.
Көрмеге музей қорында сақталған бірегей ортағысырлық археологиялық жәдігерлер араб жазуы құмыра, қыш ыдыстар, сырлы құмыра, қола және қыштан жасалған шырағдандар,қыш құмыралар, аспалы шам қойылды.
Шара соңында оқушылар тарихи жәдігерлерді қол ұшымен ұстап, сипап-сезінді. 

Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген еңбектерін, халқымызға жасаған игі істерін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында жоспарланып бекітілген дәріс сабақтарының кестесіне сәйкес, Дарынды балаларға арналған мамандандырылған IT лицей-интернатында «Ғасыр адамы!» атты тағылымды кездесу өтті.
Аталған шараға Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қордың Жамбыл облыстық бөлімшесінің төрағасы-Асқарбеков Қибат Тлеуқұлұлы, қоғам белсендісі - Сқақов Бегалы Аралбекұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші Шағырбаев Бақыт Қысатайұлы қатысып өскелең ұрпаққа Д.А.Қонаевтың өмір жолы мен елімізге сіңірген зор еңбектері туралы тағылымды мағлұмат берді.
Сонымен қатар, лицей оқушылары Ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлына арнап жазған өлең шумақтарын оқыды.
Кездесу соңында әнші Бақыт Шағырбаевтың орындауындағы Димаш атамызға арналған «Дәуір тұлғасы» атты әнімен жалғасын тапты.


23 апреля 2026
50