«МЕМЛЕКЕТ КЕЛБЕТІ – ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ» ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КӨРМЕСІ
15 қараша - Ұлттық валюта күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорындағы құнды жәдігерлер негізінде «Мемлекет келбеті – Ұлттық теңге» атты тақырыптық жылжымалы көрме ұйымдастырылды.
Көрме М. Әуезов атындағы кітапханада өтіп, келушілер назарына әр кезеңге тән қағаз ақшалар, Түргеш және Қараханид монеталары мен тарихи айналымда болған ақша үлгілері ұсынылды. Сонымен қатар, көрмеден көне тиындар сақталған құмыра мен нумизматикалық құндылығы бар өзге де жәдігерлер орын алды.
Экспозиция арқылы ұлттық валютамыздың қалыптасу тарихы, ақша айналымының даму кезеңдері мен қаржы жүйесіндегі тарихи өзгерістерді таныстыру көзделді.



11 ноября 2026
6