Жамбылский областной историко-краеведческий музей

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Тілдерді оқыту орталығының» республикалық семинарына қатысушыларға экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында қонақтар Жамбыл өңірінің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танысты. Сондай-ақ Көне Тараз қаласының қалыптасу тарихы, даму кезеңдері мен тарихи маңызы туралы кеңінен мағлұмат алды.

Музей экспозициясына қойылған құнды жәдігерлер таныстырылып, олардың тарихи ерекшеліктері мен мәдени маңызы туралы ақпарат берілді. Қонақтар өлкенің сан ғасырлық тарихынан сыр шертетін музей қорындағы бірегей мұралармен танысып, рухани-танымдық әсер алды.