Жамбылский областной историко-краеведческий музей

МУЗЕЙ – ӨТКЕН МЕН БҮГІНДІ БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН АЛТЫН КӨПІР

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жоғарғы Тараз Инновациялық көпсалалы колледж 
Туризм мамандығының  2, 3 курс білімгерлеріне Музей практикасы аясында  экскурсия ұйымдастырылды. 

Экскурсия барысында болашақ мамандар музей қорындағы тарихи, құнды жәдігерлерімен халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты.

Білімгерлер өткен дәуірдің сырын шертетін жәдігерлер арқылы тарихқа тереңірек үңіліп, өз білімдерін тәжірибе жүзінде толықтыруға мүмкіндік алды.