МУЗЕЙ – ӨТКЕН МЕН БҮГІНДІ БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН АЛТЫН КӨПІР
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жоғарғы Тараз Инновациялық көпсалалы колледж
Туризм мамандығының 2, 3 курс білімгерлеріне Музей практикасы аясында экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында болашақ мамандар музей қорындағы тарихи, құнды жәдігерлерімен халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасымен танысты.
Білімгерлер өткен дәуірдің сырын шертетін жәдігерлер арқылы тарихқа тереңірек үңіліп, өз білімдерін тәжірибе жүзінде толықтыруға мүмкіндік алды.



21 Қазан 2026
2