МУЗЕЙ САБАҒЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А. Әшімов шығармашылық орталығында Тараз қаласындағы И.В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 4 «В» сынып оқушыларына «Мәдени мұра бөлімі» тақырыбында музей сабағы өткізілді.
Музей сабағы барысында оқушыларға мәдени мұра ұғымы түсіндіріліп, қазақ халқының рухани құндылықтарын, ұлттық өнері мен мәдениетін құрметтеу, тарихи мұраны бағалау және оны келер ұрпаққа аманаттау жөнінде мағлұмат берілді.
Сонымен қатар ҚР Еңбек Ері, Қазақстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, актер әрі режиссер Асанәлі Әшімовтің өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды. Оқушылар өнер иесінің жеке заттары мен өмір жолынан сыр шертетін музей жәдігерлерімен танысып, оның қазақ киносы мен театр өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі туралы ақпарат алды.
Іс-шара соңында оқушыларға шығармашылық орталық бойынша экскурсия ұйымдастырылып, Асанәлі Әшімовтің өнегелі өмірі мен өнер жолы насихатталды.


20 Қараша 2026
21