МУЗЕЙ САБАҒЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ежелгі көшпелілердің дүниетанымы» тақырыбында музей сабағы өткізілді.
Сабақ барысында оқушыларға сақ, сармат, үйсін, қаңлы тайпаларының тұрмыс-тіршілігімен, дүниетанымымен және мәдени ерекшеліктерімен таныстырылды. Ежелгі көшпелілердің табиғатқа деген көзқарасы туралы айтылды.
Сонымен қатар «аң стилі» өнерінің ерекшеліктері, археологиялық жәдігерлердің тарихи маңызы сөз етілді.
Көшпелілер дәуірінен бүгінгі күнге дейін жеткен мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне ерекше назар аударылды.
Музей сабағы оқушылардың тарихи білімін кеңейтіп, ата-баба мұрасын танып-білуге және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге бағытталды.



20 Қараша 2026
22