«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 100-ДЕН АСТАМ РАУШАН ГҮЛІ ЕГІЛДІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» жобасы аясында Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Жуалы аудандық Бауыржан Момышұлы мемориалдық музейінің аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікке музей қызметкерлері белсене қатысты. Іс-шара барысында музей ауласына 100-ден астам раушан гүлі отырғызылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жаз мезгілінде жайқалып өсетін әсем гүлдер музей аумағына ерекше көрік беріп қана қоймай, ауылдың жалпы келбетінің жақсаруына да өз үлесін қосады.


17 April 2026
26