Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ – ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ» АТТЫ ТАНЫМДЫҚ ІС-ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Бауыржан Момышұлы музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің сарбаздарына арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының кепілі» атты танымдық іс-шара ұйымдастырды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер кері әсері, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеудің маңызы кеңінен түсіндірілді. Сарбаздармен еркін пікір алмасу өткізіліп, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілік мәселелері талқыланды.

 Іс-шараның басты мақсаты – жас әскери қызметшілердің бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау және отансүйгіштік рухты нығайту.

Адалдық – әр азаматтың басты ұстанымы, ал жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ міндет!