Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК ӘНҰРАНДЫ ОРЫНДАДЫ

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері салтанатты түрде Мемлекеттік Әнұранды орындады.

 Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, отансүйгіштік рухты нығайту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Әнұранды орындау барысында қатысушылар ел тәуелсіздігінің басты нышандарына тағзым етіп, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімдерін білдірді.

 Мемлекеттік рәміздер – ел егемендігі мен тәуелсіздігінің қасиетті белгілері. Оларды қастерлеу – әрбір азаматтың абыройлы борышы.