Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАР КӨРМЕСІ ӨТТІ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында Изо Studio «Art Академия» орталығы оқушыларының «Өмір тынысы» атты жылдық қорытынды көрмесі ұйымдастырылды.

 Көрмеге 4 пен 16 жас аралығындағы жас суретшілердің 100-ге жуық шығармашылық жұмыстары қойылды. Экспозицияда гуашь, акварель, акрил және майлы бояумен салынған туындылар ұсынылып, келушілерге ерекше әсер сыйлады.

Жас таланттардың қиялы мен шеберлігін паш ететін көрмені 15 маусымға дейін тамашалауға болады.

 Өнерге қызығушылық танытатын барша көрерменді көрмеге шақырамыз!