ЛЕНИНГРАД ОБЛЫСЫНАН КЕЛГЕН ДЕЛЕГАЦИЯҒА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ленинград облысынан келген делегация өкілдеріне танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қонақтар музейдің тарихымен, экспозициялық залдарымен және өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын айшықтайтын құнды жәдігерлерімен танысты. Музей қорында сақталған Көне Тараздың археологиялық олжалары, этнографиялық бұйымдары мен өзге де бірегей жәдігерлер таныстырылды.
Сонымен қатар делегация өкілдеріне өңірдің қалыптасу кезеңдері, тарихи оқиғалары, ұлттық мәдениеті мен дәстүрлері туралы мазмұнды ақпарат берілді. Әрбір жәдігердің тарихи маңызы мен тағылымдық мәні түсіндіріліп, қонақтарға өлкенің өткені мен бүгінін байланыстыратын құнды мұралар жайлы айтылды.


22 October 2026
4