Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

«ӘЛЕМ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН БАСТАЛАДЫ» АТТЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Әлем балалық шақтан басталады» атты ашық есік күні өтті.

Іс-шараның мақсаты – балалардың құқықтарын қорғау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және мерекелік көңіл күй сыйлау.

 Ашық есік күні аясында бүлдіршіндер музейдің экспозициялық залдарын аралап, тарихи-танымдық экскурсияға қатысты. Олар өлкеміздің бай тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, қызықты мәліметтер алды.

 Балалар – еліміздің жарқын болашағы. Сондықтан олардың құқықтарын қорғау, сапалы білім мен саналы тәрбие беру, қауіпсіз әрі бақытты орта қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
 Бұл мереке әр баланың жүрегіне қуаныш сыйлап, балалық шақтың қадірін арттыра түсті.

 Барша бүлдіршіндерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтары шаттыққа, қуанышқа және жарқын жетістіктерге толы болсын!