КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНДА «ТАРАЗ – ДӘУІРЛЕР КУӘСІ» КӨРМЕСІНЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылатын «Тараз – дәуірлер куәсі» атты жылжымалы көрмені орналастыру және безендіру жұмыстары жүргізілуде.
Көрме экспозициясында көне Тараздың бай тарихын айшықтайтын сақ, түркі және ортағасырлық кезеңдерге жататын бірегей археологиялық жәдігерлер мен тарихи құндылықтар көпшілік назарына ұсынылатын болады.
Дайындық жұмыстары көрменің жоғары деңгейде ұйымдастырылып, келушілерге тарихи-мәдени мұраны жан-жақты таныстыру мақсатында жалғасуда.



28 June 2026
41