«ҚАЗАҚТЫҢ БІРТУАР ҰЛЫ – ДІНМҰХАМЕД ҚОНАЕВ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ
Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың өмірі мен шығармашылығын, еңбек жолын кеңінен насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық патриотизм мен еңбексүйгіштікке баулу арқылы жастардың шығармашылығын шыңдау, ары қарай дамуына жол ашу мақсатында биыл төртінші жыл қатарынан Д.Қонаев орталығының ұйымдастыруымен «Қазақтың біртуар ұлы – Дінмұхамед Қонаев» атты облыстық шығармашылық байқауы өтті.
Байқауға аудандық, қалалық білім беру ұйымдарының және облыстық білім басқармасына қарасты мекемелерден 43 оқушы қатысты. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері, Jambyl телеарнасы және облыстық «Ақ жол» газетінің өкілдері қатысты.
Байқау 3 бағыт бойынша өткізілді:
1 бағыт: «Қазақтың біртуар ұлы – Дінмұхамед Қонаев» атты ғылыми жоба бағыты- ғылыми зерттеу жұмыстарын қорғады.
2 бағыт: «Дара тұлға ізімен» атты эссе жазу- қазылар алқасы тарапынан ұсынылған тақырыпқа эссе жазды.
3 бағыт «Дана тұлға, дара тұлға – Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» атты мүшайра бағыты-әр қатысушы өз шығармашылығынан өлеңді қазылар алқасына ұсынып, бір өлеңді жатқа оқыды.
Байқау қорытындысы бойынша 19 оқушы жеңімпаз атанды, І орын – 3 оқушы, ІІ орын – 6 оқушы, ІІІ орын – 10 оқушы.
Байқауға қатысып терең білімімен ерекшеленгені үшін 24 оқушы Алғыс хаттармен марапатталып, ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
«Қазақтың біртуар ұлы – Дінмұхамед Қонаев» атты ғылыми-жоба бағытында:
1 орын –Тараз қаласы,Төле би атындағы №8 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы - Батырбек Айым.
2 орын – Шу ауданы, А.Байтұрсынұлы атындағы гимназиясының 9 сынып оқушысы – Сейтқазы Ерасыл.
2 орын –Жамбыл ауданы, Еңбек орта мектебінің 10 сыныеп оқушысы – Балдыбай Ұлжан Әлімжанқызы.
3 орын – Жуалы ауданы, №2 Мыңбұлақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Тұрсынғали Інжу Тастемірқызы.
3 орын-Қордай ауданы, №32 В.В.Маяковский атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы – Құтыбай Әсемай.
3 орын –Меркі ауданы, №34 орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы – Тоқтағұл Әмина Айбекқызы.
3 орын – Тараз қаласы, Шона Смаханұлы атындағы №44 орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Орынбай Дастан.
«Дара тұлға ізімен» эссе бағытында:
1 орын – Байзақ ауданы, №1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы – Жұмахан Кәусар Қайнарқызы.
2 орын – Жамбыл ауданы, Әкім Тарази атындағы тірек мектебінің 10 сынып оқушысы – Дүйсеналы Нұрай Жандосқызы.
2 орын – Облыстық мектеп, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы – Бәкен Құралай Ғабитқызы.
3 орын-Сарысу ауданы, Абай атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Нышан Еркеназ Серікқызы.
3 орын-Шу ауданы, Төле би атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Рахман Ерасыл.
3 орын-Облыстық мектеп, «Дарын» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы – Бектеміс Мөлдір.
Дана тұлға, дара тұлға-Д.А.Қонаев атты ақындар мүшайрасында:
1 орын –Облыстық мектеп, Абай атындағы мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы – Асқарқызы Ақбота.
2 орын-Жамбыл ауданы, №5 Шәйдана орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Досым Абай Серікжанұлы.
2 орын- Жуалы ауданы, №15 Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы – Ғали Мирас Қуанышұлы.
3 орын-Байзақ ауданы, Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы – Орынбай Тұрар Мадиярханұлы.
3 орын-Тараз қаласы, №33 орта мектебінің 9 сынып оқушысы – Ержан Аяла.
3 орын-Тараз қаласы, №49 Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы – Рахметула Інжу.
Жеңімпаз атанған оқушыларды жеңістерімен құттықтай отырып, толағай табыстар тілейміз!



11 November 2026
3