ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚЫЗМЕТКЕРІ, ТАРИХШЫ, АРХЕОЛОГ, ӨЛКЕТАНУШЫ КҮЗЕМБАЙ БАЙБОСЫНОВТЫҢ 85 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, тарихшы, археолог, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың 85 жылдығына арналған «Тарихпен тілдесу» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің 1-ші экспозициялық залында Күзембай Байбосыновтың 85 жылдығына арналған экспозициялық бұрыштың ашылу салтанатымен басталды.
Экспозициялық бұрышта К. Байбосыновтың өмір жолы мен ғылыми қызметін, археологиялық зерттеулерін, өлкетану саласындағы еңбектерін және Жамбыл өңірінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеуге қосқан үлесін баяндайтын құжаттар, фотосуреттер және басқа да материалдар көпшілік назарына ұсынылды.
Экспозицияның ашылу сәтінде Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы - Мадияр Елеуұлы Елеуов, көрнекті ғалым, өлкетанушы Күзембай Байбосыновтың ұлы - Байбосынов Әсет Күзембайұлы сөз сөйлеп, бұрыштың салтанатты ашылу рәсімі – лента қию рәсімі өтті.
Конференцияның негізгі бөлімі Ш.Мұртаза атындағы «Руханият және тарихтану» орталығының үлкен мәжіліс залында өтті. Ғалымдар, профессорлар, тарихшылар, өлкетанушылар, археологтар, музей ардагерлері, музей қызметкерлері және білімгерлер қатысқан жиынды Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысы Жүнісбай Ерлан Нұрманұлының құттықтау сөзімен ашты.
Пленарлық отырыста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Археология және антропология кафедрасының ғылыми қызметкері, т.ғ.д., профессоры Елеуов Мадияр Елеуұлы, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Талеев Дөкей Әбдікерімұлы, Археолог, түрколог, шығыстанушы, PhD докторы, Түркі академиясының сарапшысы Бөгенбаев Нұрболат Ерденұлы, археолог, PhD доктор, Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Ақымбек Ералы Шардарбекұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері, тарихшы, археолог, PhD докторы, музей ісі саласының маманы Қадірімбетова Назгүл Нұржанқызы, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметкері, археолог, тарихшы Нұсқабай Әбдінұр Арғынбайұлы, М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сейітқұлова Жанна Мәмбетқызы, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының ғылыми қызметкері Нағашбекова Сәния Мекемтасқызы, музей ардагері Ілиясова Айжан Ілиясқызы, Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық университетінің профессоры, т.ғ.д. Абдуалы Асқар Бегәділұлы модераторлық етті.
Ғылыми жиын Қазақстан археологиясы, өлкетану, тарихи-мәдени мұра және музей ісінің өзекті мәселелері талқыланып, ғалымдар мен зерттеушілер арасында ғылыми пікір алмасу бағдарламасымен қорытындыланды.





15 October 2026
9