Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯ

Ұлттық домбыра күніне орай А. Әшімов атындағы шығармашылық орталығында домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылардың қатысуымен танымдық іс-шара ұйымдастырылды.


 Іс-шара барысында оқушыларға домбыраның қазақ халқының ұлттық мұрасы әрі рухани құндылығы ретіндегі маңызы туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, үйірме қатысушылары «Домбыра» күйін орындап, өз өнерлерін паш етті.

 Шара соңында қатысушыларға шығармашылық орталығының залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, орталықтың қызметі мен экспозициялары таныстырылды.