«БЕЙБІТ КҮННІҢ БАТЫРЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залының ұйымдастыруымен 23 маусым – Қазақстан Республикасы Полициясы күніне және полиция капитаны, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігіне 15 жыл толуына орай «Бейбіт күннің батыры» атты танымдық экскурсия өткізілді.
Іс-шараға Тараз қаласы Полиция басқармасының жас мамандары қатысып, «Даңқ» залы мен Бауыржан Момышұлы музейінің экспозицияларымен танысты. Экскурсия барысында қатысушыларға Қазақстан полициясының қалыптасу тарихы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы маңызды рөлі және ел тыныштығын сақтаудағы қызметі туралы мәліметтер берілді.
Сонымен қатар, «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасовтың ерлігі мен өнегелі өмір жолы таныстырылып, оның отансүйгіштік рухы мен қызметтік борышына адалдығы насихатталды.
Іс-шараның мақсаты – жас мамандар арасында патриоттық тәрбиені нығайту, бейбіт күннің батырларының ерлігін дәріптеу және олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету.




23 June 2026
44