Zhambyl Regional Historical and Local Lore Museum

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Кеңесхан қажы» медресесінің шәкірттеріне арналған тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы рөлін насихаттау, журналистика саласының тарихымен таныстыру, сондай-ақ жас ұрпақтың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыру.

Экскурсия барысында қатысушылар музейдің экспозициялық залдарын аралап, өңірдің өткені мен бүгініне қатысты құнды жәдігерлермен және тарихи деректермен танысты. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасу тарихы, журналистика саласының дамуы және өңірдің ақпарат кеңістігінің өркендеуіне үлес қосқан журналистердің өмірі мен шығармашылық жолы туралы жан-жақты мәлімет алды.

Танымдық экскурсия жас буынның тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және кәсіби мерекенің мән-маңызын тереңірек түсінуге ықпал етті.