Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНЕ ҚАРАСТЫ КӨРКЕМСУРЕТ ГАЛЕРЕЯСЫНДА ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Көркемсурет галереясында «Самұрық» мектебінің оқушыларына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында оқушылар галерея қорында сақталған бейнелеу өнері туындыларымен танысып, қазақстандық қылқалам шеберлерінің шығармашылық мұрасы туралы жан-жақты мәлімет алды. Сондай-ақ әрбір туындының көркемдік ерекшелігі, идеялық мазмұны мен тарихи маңызы жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Тағылымды экскурсия жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және ұлттық мәдени мұраны құрметтеуге ықпал етті.