Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

ЖӘДІГЕРЛЕРДІ РЕСТАВРАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІС

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен тәжірибелік сабақ барысында білімгерлер керамикалық жәдігерлерді реставрациялау және гипстеу жұмыстарының негізгі кезеңдерімен танысты.

Сабақ аясында болашақ мамандар жәдігерлердің сақталу жағдайын бағалап, гипстеу әдістерін тәжірибе жүзінде орындады. Тәжірибелік жұмыстар білімгерлердің кәсіби дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, тарихи-мәдени мұраны сақтау мен қалпына келтіру ісінің маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді.

Музей қорындағы құнды жәдігерлермен жұмыс жасау арқылы білімгерлер реставрация саласының ерекшеліктерін меңгеріп, мәдени мұраны келер ұрпаққа жеткізудегі жауапкершілікті сезінді.