Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«ТАРАЗ ТАРИХЫ СЫР ШЕРТЕДІ!» АТТЫ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жастардың білімін кеңейту, тарихи-мәдени мұрамен таныстыру және олардың дүниетанымын дамыту мақсатында Жамбыл облысының аудандарынан жиналған мектеп оқушыларына «Тараз тарихы сыр шертеді!»атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды. Экскурсия барысында қатысушылар өңірдің маңызды тарихи және мәдени орындарын аралап, олардың тарихы мен ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат алды.

Танымдық сапар барысында оқушылар туған өлкенің тарихына тереңірек үңіліп, мәдени мұраға деген құрметін арттыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар, экскурсия жас ұрпақтың отансүйгіштік қасиетін нығайтып, тарихи-мәдени құндылықтарды бағалай білуіне ықпал етті.

Осындай тағылымы мол іс-шаралар жастардың тарихи санасын қалыптастырып, олардың ел тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болып табылады.

 Экскурсия соңында қатысушылар музей ұжымына алғыстарын білдіріп, тарихи-танымдық іс-шараның туған өлкенің тарихын тереңірек танып-білуге және ұлттық мұраны дәріптеуге зор ықпал ететінін атап өтті.