Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

САРБАЗДАРҒА ЭКСКУРСИЯ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы мен Б.Момышұлы музейінің қызметкерлері №5513 әскери бөлімінің сарбаздарына арналған тағылымды іс-шара өткізді.

Іс-шара барысында Б.Момышұлы музейінде облысымыздан шыққан генералдарға арналған арнайы бұрыш толықтырылды. Экспозицияға генерал-майорлар Көшербаев Рысбек Қалкенұлы, Мұхатов Мейрамбек Садуахасұлы және контр-адмирал Комратов Ратмир Әлімханұлының әскери формалары қойылды.

Сарбаздар музей жәдігерлерімен танысып, ел қорғаған ерлердің ерлігі мен өнегелі өмір жолынан тағылым алды.
Шараның басты мақсаты – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, ел тарихына деген құрметті арттыру