«РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ» МУЗЕЙ САБАҒЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын 4 маусымда аталып өтеді. 1992 жылы дәл осы күні еліміздің Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы ресми түрде бекітіліп, тәуелсіз Қазақстан тарихында жаңа кезең басталды.
Осы мерекеге орай Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А. Әшімов шығармашылық орталығында Қ.Тұрысов атындағы №53 мектеп оқушыларының қатысуымен «Рәміздерім – мақтанышым» атты музей сабағы ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың Қазақстан Республикасы және оның мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін кеңейту, туған жерге, елге және Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін арттыру.
Тәрбие сағаты барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны туралы кеңінен мәлімет беріліп, Отанға деген құрметті насихаттайтын бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар оқушылар викториналық сұрақтарға жауап беріп, Отан тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айтып жарысты.
Іс-шара соңында оқушыларға А. Әшімов шығармашылық орталығының залдары бойынша экскурсия жүргізіліп, орталықтағы жәдігерлер таныстырылды.


04 Маусым 2026
24