МУЗЕЙ САБАҒЫ
Д. А. Қонаев орталығында И. В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушыларына «Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев» тақырыбында музей сабағы өткізілді.
Музей сабағының негізгі мақсаты – оқушыларға Д. А. Қонаевтың өмірі мен еңбек жолын таныстыру, тарихи тұлғаның ел дамуына қосқан үлесін насихаттау, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар Д. А. Қонаев орталығының экспозицияларымен танысып, танымдық экскурсия тыңдады, бейнероликтер тамашалады. Сонымен қатар тақырыпқа байланысты танымдық ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап беру арқылы өз білімдерін толықтырды.
Музей сабағы оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, көрнекті тұлғаның өмірі мен өнегесін тереңірек білуіне мүмкіндік берді.



11 Қараша 2026
2