Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

МУЗЕЙ САБАҒЫ

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А. Әшімов шығармашылық орталығында №1 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Өнердегі ұстаз бен шәкірт тағылымы» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

Режиссер-педагог, профессор Асқар Тоқпановтың туған күніне орай ұйымдастырылған сабақ барысында Қазақстанның Еңбек Ері, халық әртісі Асанәлі Әшімовтің өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, құнды жәдігерлері көрсетілді.

Сонымен қатар Асқар Тоқпанов пен Асанәлі Әшімов арасындағы ұстаз бен шәкірт сабақтастығы, олардың қазақ театр өнеріне қосқан үлесі туралы айтылды.

Сабақ соңында оқушыларға шығармашылық орталық бойынша экскурсия ұйымдастырылды.