Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

Музей сабағы

№40 мектеп-гимназиясының 9 «В» сынып оқушыларына «Материальная культура казахского народа» тақырыбында музей сабағы ұйымдастырылды.

Сабақ музейдің 3 экспозициялық залында өтіп, ерекше форматта – жарыс түрінде ұйымдастырылды. Оқушылар екі топқа бөлініп, көшпелі қазақ халқының материалдық мәдениетін сипаттап, өзара білім сайысына түсті.

Сабақ барысында білім алушылар XIX–XX ғасырлардағы тұрмыстық бұйымдармен танысып, қазақ халқының ұлттық құндылықтары туралы маңызды ақпарат алды.

Мұндай музей сабақтары оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мұраны тереңірек тануға мүмкіндік береді.