Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН БІРГЕ ТЫҢДАДЫ

 Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын бірге тамашалады.

 Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары, алдағы міндеттер мен ел болашағына қатысты маңызды мәселелер қамтылды.

Президент Жолдауы – ел дамуының маңызды бағдары, жарқын болашаққа бастар ортақ мақсаттардың айқын көрінісі.