МУЗЕЙ ЭКСПОЗИЦИЯЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Күзембай Байбосыновтың 85 жылдық мерейтойына орай және тарихшы ғалым Талас Омарбековтің өмірі мен ғылыми қызметіне арналған экспозициялар жаңартылды.
Күзембай Байбосыновтың мерейтойына орай музейдің «Тарихқа дейінгі кезең» 1-залындағы экспозициясына оның жеке заттары қойылды. Аталған жәдігерлер тұлғаның өмір жолы мен қызметін таныстыруға, сондай-ақ оның есімін ұлықтап, мұрасын насихаттауға бағытталған.
Сонымен қатар музейдің «Көне Тараз» 2-залындағы экспозициясына тарихшы ғалым Талас Омарбековтің жеке заттары орналастырылды. Экспозиция ғалымның өмірі мен ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты мұраларын көпшілік назарына ұсынып, оның отандық тарих ғылымына қосқан үлесін танытуға мүмкіндік береді.
Экспозицияларды жаңарту – тарихи-мәдени мұраны сақтау, көрнекті тұлғалардың өмірі мен қызметін кеңінен насихаттау және музей қорындағы құнды жәдігерлерді көпшілікке таныстыру бағытындағы маңызды жұмыстардың бірі.
Музейге келушілер жаңартылған экспозициялар арқылы аталған тұлғалардың жеке мұраларымен танысып, олардың өмірі мен қызметі туралы мағлұмат ала алады.



19 Қазан 2026
7