МУЗЕЙ САБАҒЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде И. В. Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушыларына «Истоки казахского народа» тақырыбында музей сабағы өткізілді.
Музей сабағының негізгі мақсаты – оқушыларға қазақ халқының қалыптасу тарихын таныстыру, тарихи тамырларымыз бен ұлттық құндылықтарымыз туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ барысында оқушылар сақтар, ғұндар және түркі тайпаларының тарихы, олардың қазақ халқының этникалық қалыптасуындағы орны мен рөлі туралы мәліметтер алды. Сонымен қатар қазақ халқының мәдениеті, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі мен рухани мұрасына қатысты танымдық ақпараттармен танысты.
Тақырыпты тереңірек түсіндіру мақсатында музейдің төрт экспозициялық залындағы тарихи жәдігерлер таныстырылып, олардың тарихы мен маңызына тоқталды.



11 Қараша 2026
1