ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «АЙБЫН» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ЖАСТАР ЖИЫНЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МУЗЕЙДЕ ҚОНАҚ БОЛДЫ
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздарына арналған танымдық экскурсия ұйымдастырылды.
Музей қонақтары – Оңтүстік өңірлік қолбасшылығының «Оңтүстік арландары» командасының құрамындағы Түркістан облысы, Арыс қаласы мектептерінің оқушылары.
Экскурсия барысында жас өрендер музейдің бай қорымен танысып, Жамбыл өңірінің сан ғасырлық тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайтын бірегей жәдігерлерді тамашалады. Көне дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихи кезеңдерді қамтитын экспозициялар арқылы оқушылар халқымыздың өткені, ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі мен мәдени мұрасы туралы мол мағлұмат алды.
Танымдық кездесу барысында экскурсия жетекшісі әрбір экспонаттың шығу тарихы мен тарихи-мәдени маңызын жан-жақты таныстырып, жастардың өлке тарихына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды ақпаратпен бөлісті.
Аталған экскурсия жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыруға, отансүйгіштік рухын нығайтуға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және мәдени мұраны құрметтеуге ықпал еткен тағылымды шаралардың бірі болды.



15 Шілде 2026
39