«КЕЙІПКЕР СОМДАУДЫҢ ШЕБЕРІ»
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай «Кейіпкер сомдаудың шебері» атты тақырыптық экскурсия ұйымдастырылды.
Ел халқының үштен бірін құрайтын жастар – жаңа идеялар мен жаңашылдықтың, шығармашылық пен дамудың қайнар көзі. Олар заманауи технологияларды игеріп, инновациялық стартаптар құрып, халықаралық олимпиадаларда жеңіске жетіп, экологияны қорғау мен ерікті қозғалыстарға белсене араласып жатыр. Үкімет жастар саясатын ел дамуының басым бағыты ретінде белгілеп, олардың білім алуына, кәсіби өсуіне, мәдени және қоғамдық өмірге белсенді араласуына мүмкіндік беретін кешенді бағдарламаларды іске асырып келеді.
Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты А.Әшімов шығармашылық орталығы да ұлы актердің шығармашылығын жас актерлерге үлгі етуді басты бағыттардың бірі ретінде жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Атаулы күнге орай Жастар театрының жас актерлері шығармашылық орталықта болып, А.Әшімовтың өнер жолымен тақыннан танысты. Оларға ұлы актердің кейіпкер сомдаудағы шеберлігі мен дайындық барысындағы ерекше әдістері туралы мағлұмат берілді.
Халықаралық жастар күні – бұл өткенді бағамдап, келешекті бағдарлайтын танымдық мереке. Білімді, белсенді және бастамашыл жастар – еліміздің ең үлкен байлығы. Олар жаңа Қазақстанды қалыптастыруда алдыңғы қатарда болып, ел дамуына жаңа тыныс береді.

12 «тамыз» 2026
35