Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕЛЕГАЦИЯСЫНА МУЗЕЙ ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ ЗАЛДАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2026 жылдың 26 маусым күні Тараз қаласында Қырғыз Республикасының Консулдығының ашылуына орай Қырғыз Республикасынан келген ресми делегацияға Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің экспозициялық залдары бойынша экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсия барысында қонақтарға 2000 жылдан астам тарихы бар көне Тараз қаласының өткені кеңінен таныстырылды. Атап айтқанда, өңірді алғаш мекендеген тайпалар, түркі дәуірінің тарихи мұрасы, ортағасырлық Тараздың гүлденуі, Ислам дінінің таралуы, Қазақ хандығының құрылуы, көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен мәдениеті, Тараз қаласындағы өнеркәсіптің қалыптасуы және қазіргі заманғы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жан-жақты мәлімет берілді.

Экскурсия соңында қонақтар музей қорындағы бірегей тарихи жәдігерлермен танысып, өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасына жоғары қызығушылықтарын білдірді.