Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі

«ҚЫРАН ҚАНАТ ХИУАЗ» атты деректемелік таныстырылым ұйымдастырды.

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты «Даңқ» залы Б. Момышұлы музейінің қызметкерлері 5513 әскери бөлімінің сарбаздарына қазақтың қаһарман қызы, тұңғыш әскери ұшқыштардың бірі Хиуаз Доспановаға арналған «Қыран қанат Хиуаз» атты деректемелік таныстырылым ұйымдастырды.

Танымдық кездесудің негізгі мақсаты – жас сарбаздарға Хиуаз Доспанованың өмір жолы мен майдандағы ерлігін таныстырып, елге деген сүйіспеншілік, батылдық, отансүйгіштік қасиеттерді дәріптеу.

Іс-шара барысында Хиуаз Доспанованың балалық шағы, әскери қызметі, майдан даласындағы ерлігі мен қайсарлығы туралы тарихи деректер кеңінен таныстырылды. Батыр қыздың Отан қорғау жолындағы жанқиярлық ерлігі бүгінгі жас ұрпаққа үлкен үлгі екені атап өтілді.

5513 әскери бөлімінің сарбаздары тарихи деректермен танысып, батырдың өмірі мен ерлігі туралы құнды мағлұматтар алды.

Халық үшін жасалған ерлік – ұрпаққа аманат, батыр есімі – мәңгілік!